Елде генетикалық банк құрылады. Бастамаға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы қолдау танытып, инвесторлар қаржы құяды. Тек жобаға жан бітіру жағы қалды. Негізі, бұл өткір мәселе. Өйткені ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық қоры біздің сала мамандарын көптен алаңдатып жүр. Ал әлемде әр алуандыққа баса мән беріп, флорасы мен фаунасын қорғауға барын салып жатыр. Осы ретте өсімдік түрлерін тіркеу, көбейту бойынша таптырмас орталыққа айналар еді. Сонда топырақ құнарлылығын арттыру арқылы тыңайтқыштарды оңтайлы пайдалану оңайға соғады. Сұрып таңдау, ауылшаруашылығы дақылдарын сынау және шығару шаруасы да ширайды. Тағы бір пайдасы – тозып, тіпті жойылып кеткен өсімдіктерді қайта қалпына келтіруге септігі тиеді. Мәселен, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына кіретін елдер іші тыныш емес. Газа секторы, Судан, Сирия, Ливия сияқты мемлекеттердегі шиеленістер ғимараттарды ғана емес, генетикалық қорды да жойып жіберді. Сондықтан Қазақстанда құрылатын генетикалық банк – халықаралық мәртебеге ие. Хусрав Нозири, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы бас директорының орынбасары: - Біздің көзқарасымыз бойынша өзара әріптестік пен кооперация жетіспейді. Осы ретте Қазақстанда орналасатын халықаралық генетикалық банктің қызметі аталған кемшілікті түзету болады. Яғни қор жинап қана қоймай, ұйым аясында, одан тыс байланысты күшейтіп, жұмысты жандандыруды мақсат етіп отырмыз.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/745384-elimizde-genetikalyk-bank-kurylady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс
24.kz: Елімізде генетикалық банк құрылады
Country: Kazakhstan
19 December 2025